«AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстықфилиалының партиялық бақылау комиссиясы мүшелері Қарғалы және Хромтау аудандарындағы тас жолдарды жөндеу барысын қадағалады. Тексеру кезінде жұмыс сапасы және тұрғындар көтерген мәселелердің орындалубарысы назарға алынды.
Қарғалы ауданындағы Донское–Бадамша–Қайрақты бағытындағы жолдың бір бөлігіндежөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңдааудан орталығының шекарасынан бастап 600 метр жолға асфальт төселіп, қиыршық тас пен цемент қоспасымен нығыздау жұмыстары аяқталған. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Азамат Өтегеновтің айтуынша, ауыр жүк көліктері жиі қатынайтын бұл жолға екіқабат асфальт төселген. Жөндеу жұмыстары 15 тамызға дейін толық аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар Хромтау ауданындағы «Қопа–Құдықсай» бағытындағы 14 шақырым жолында жөндеу жұмыстары жалғасуда. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «Нұрлы жол-7» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта мердігер ұйым жол бөлігінде тегістеу және дайындық жұмыстарын қолға алған.
Партиялық бақылау аясында комиссия мүшелері Қайрақты ауылындағы жөндеуден өткенсаябақты да аралады. Бұған дейін анықталғанкемшіліктер жойылып, нысан толығымен қалыпқакелтірілген.
«Ауыл тұрғындарының тынығып, серуендейтін жайлы орны болуы маңызды. Сондықтан бұл саябаққа қатысты барлық сын ескеріліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Алдағыуақытта бұл жер жергілікті жұрт үшін сүйіктідемалыс орнына айналады деп сенеміз», – дедіпартияның Қарғалы аудандық филиалыныңатқарушы хатшысы Надежда Заглядова.
«AMANAT» партиясы өңірлердегіинфрақұрылым жобаларының сапасы мен уақытында орындалуын алдағы уақытта да жүйелітүрде жалғастырады.