Қайрат Нұртастың продюсері, анасы Гүлзира Айдарбекова баласының көмекшісіне халық тоқтаусыз ақша аударып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, көпшілік Қайраттың атын жамылған алаяқтарға алданып, көмекшісінің нөміріне шатасып, ақша жіберіп жатқан көрінеді.
Продюсер елді алаяқтардан сақ болуға шақырды.
«Қайраттың парақшасындағы көмекшісінің нөміріне 500 мыңнан тоқтамай ақша түсіп, қайтарып үлгермей жатыр. Алаяқтар ойын ойнатып ақша салдырып, елдер нөмірмен шатасып жатқан сияқты. Өзіміздің нағыз парақшадан көрмей, алданып ақша салмаңыздаршы. Қайрат елден ақша жинатпайды, сақ болыңыздар!» - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.