Қостанай тұрғыны бөтен біреудің үйіне баса-көктеп кіріп, жасөспірімді сабап тастаған

/
Қостанай тұрғыны бөтен біреудің үйіне баса-көктеп кіріп, жасөспірімді сабап тастаған
istockphoto.com

Оқиға Толстой көшесі, 50-үйдің бір пәтерінде болған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз ер адам үйге басып кіріп, кәмелетке толмаған балаға ауыр дене жарақатын салғаннан кейін суицид жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қостанай облысының Полиция департаменті кәмелетке толмағанға ауыр дене жарақатын келтіру фактісі және мәйіттің табылу фактісі бойынша сотқа дейінгі екі тергеу басталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тергеу барысына қатысты барлық мәліметтер тергеу құпиясына жатады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары