Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағасы 550 теңгеден асты

/
Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағасы 550 теңгеден асты
istockphoto.com

Бірнеше күннен бері Қазақстанда доллар бағасы өсіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбас пункттерінде долларды сатып алу орташа бағамы – 547,58 теңге, сату бағамы – 550,15 теңге. Астанада долларды сатып алу орташа бағамы – 543,26 теңге, сату бағамы – 550,26 теңге.

Қазақстан Ұлттық банкінің 30 шілдеге арналған ресми доллар бағамы – 542,03 теңге.

Еске сала кетейік, 21 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,89 теңгеге төмендеді, 22 шілдеде 2,37 теңгеге өсті, 23 шілдеде 6,21 теңгеге өсті, 24 шілдеде 3,29 теңгеге өсті, 25 шілдеде 2,79 теңгеге өсті, 28 шілдеде 3,5 теңгеге төмендеді, 29 шілдеде 0,11 теңгеге өсті.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары