22 жастағы қостанайлық жігіт студенттерден ақша бопсалаған

/
22 жастағы қостанайлық жігіт студенттерден ақша бопсалаған
Қостанай облысының Полиция департаменті

Қостанай облысының полициясы Қостанай қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады, ол екі студенттен ірі көлемде ақша бопсалаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетіп, күш қолданып, қорқытқан. Нәтижесінде жәбірленушілер оған бір миллион теңгеден астам қаражат берген.

«Қазіргі уақытта күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Оның ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігіне сәйкес, оған мүлкін тәркілеумен қатар жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», – деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары жалғасуда: полиция болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр, сондай-ақ күдіктінің басқа да бопсалау деректеріне қатыстылығы тексерілуде.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары