Танымал әншіні үйінде тұншықтырып, өлтіріп кеткен

/
Танымал әншіні үйінде тұншықтырып, өлтіріп кеткен
Ғаламтор

Zeboyi Jahon лақап атымен танылған әнші Зебинисо Носированың өлімі Өзбекстанды дүр сілкіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыс Самарқанд облысының Тайлақ ауданында болған. Қылмыс жасады деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды. Қасақана кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу нұсқасы бойынша, бұрынғы жұбайы балаларын көруге үйіне келген. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, сол кезде ол әйелді қолымен тұншықтырып өлтірген. Әйел оқиға орнында қаза тапты.

«Менің әпкем мұндай өлімге лайық емес еді. Ол күні мен жұмыста болатынмын, жедел жәрдем қызметінде істеймін. Шамамен сағат 4-терде әйелім хабарласып, әпкеңе бірдеңе болды деді. Анамды іздедім. Ол: “Тез кел, оны өлтіріп кетіпті” деді. Қалай ғана өз әйеліне, үш баланың анасына бұлай жасауға болады?» — деді марқұмның ағасы.

Өзбекстан Бас прокуратурасының хабарлауынша, 1992 жылғы ер адамға қатысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабының 1-бөлігі бойынша (қасақана кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынған.

Марқұм (1991 жылы туған) үш баланың анасы болған.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары