Оқиға 29 шілде күні Рудный қаласының Қашар ауылында болған. Бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен 2022 жылы туған кішкентай бала құлап кеткен. Оқиға кезінде бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бала шұғыл түрде Рудный қалалық ауруханасына жеткізілген. Өкінішке қарай, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Бала есін жимастан қайтыс болған.
«Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті баланың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Құрметті ата-аналар мен ересектер! Құтқарушылар балалардың қауіпсіздігіне мұқият назар аудару қажеттігін тағы да еске салады!», – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.