Абай облысында полиция подполковнигі қаза тапты

/
Абай облысында полиция подполковнигі қаза тапты
Фото: @bektore_sultan_/ instagram

Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Апат полиция подполковнигі Дамир Тұражановтың өмірін қиды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Бектөре Сұлтан Instagram парақшасында хабарлады. Ол қайтыс болған полицейдің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

«Оның жанқиярлық еңбегі, антына адалдығы және жоғары кәсібилігі әріптестерінің және оны жеке танитын барша жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары жүйесі үшін орны толмас қайғы, біз сіздермен бірге қайғырамыз», - полиция генерал-майоры.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары