Бүгін, 30 шілдеде Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында таулы аудандарда күндіз қатты жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, желдің екпіні 18-23 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары.
Алматы қаласында найзағай, Қонаевта найзағай мен екпінді жел күтіледі.
Қызылорда облысында түнде және таңертең найзағай мен шаңды дауыл соғады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында күндіз найзағай, екпіні 28 м/с дейін жететін жел күтіледі. Таразда да найзағай болады.
Атырау облысында найзағай жарқылдайды. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары.
Қостанай облысында қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай, тұман мен дауыл болжанған. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Абай облысында найзағай, бұршақ, дауыл, қатты ыстық (36°С), сондай-ақ өрт қаупінің жоғары деңгейі күтіледі. Семейде найзағай, жел 20 м/с дейін.
Маңғыстау облысында найзағай, Ақтауда төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды облысында бұршақ, жаңбыр, найзағай мен екпінді жел күтіледі. Өрт қаупі жоғары.
Ұлытау облысында қатты жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 20 м/с дейін. Жезқазғанда найзағай.
Павлодар облысында бұршақ, найзағай, дауыл болжанған. Жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары.
Ақтөбе облысында найзағай, жел 18 м/с дейін. Өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында бұршақ, найзағай, қатты ыстық (36°С). Жел екпіні 25 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.
Батыс Қазақстан облысында найзағай мен бұршақ, екпінді жел күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, дауыл, бұршақ, тұман, найзағай. Жел 15-20 м/с.
Түркістан облысында таулы аймақтарда найзағай. Жел 15-20 м/с. Шымкент пен Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында жаңбыр, бұршақ, найзағай мен тұман, жел 25 м/с дейін. Көкшетауда найзағай мен тұман күтіледі.