Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

/
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды
gov.kz

20-29 шілде аралығында Баку қаласында (Әзербайжан) экономика, қаржы және кәсіпкерлікке қызығушылық танытатын мектеп оқушыларына арналған әлемдегі беделді International Economics Olympiad (IEO) зияткерлік сайысы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биыл олимпиадаға 55 елден 280-ге жуық қатысушы жиналды. Қазақстан құрамасы үздік нәтижемен әлемнің ең мықты командаларының қатарына енді, және бизнес-кейс бойынша командалық кезеңде АҚШ, Жапония, Ұлыбританиядан келген қатарластарын басып озып, тамаша өнер көрсетті.

  • Астана қаласындағы НЗМ-нің 10-сынып оқушысы Батырхан Мұхтархан — алтын жүлдегер;
  • Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы Әділет Абзалиев — күміс жүлдегер;
  • Астана қаласындағы НЗМ-11-сынып оқушысы Нұрхан Тулеев — күміс жүлдегер;
  • Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Томирис Оспан — қола жүлдегер;
  • Астана қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы Даниал Арыстан Құрмет грамотасына ие болды.

Команда жетекшілері:

  • Руслан Мулдашев — «Paradigm Shift» ЖШС-нің қаржы директоры;
  • Айгүл Қарқұлова — «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары.

Айта кетейік, Халықаралық экономика олимпиадасының (IEO) мақсаты — мектеп оқушыларының экономикалық және қаржылық сауаттылығын, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, сондай-ақ заманауи

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары