Сайрам-Өгемде екі жасөспірім адасып кетті

/
Сайрам-Өгемде екі жасөспірім адасып кетті
istockphoto

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркі аумағында адасқан екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тік жартастан түсе алмаған
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше құтқару операциясы Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылынан 20 шақырым жерде жүргізілді.

«13 жастағы екі турист адасып, тік жартасты беткейде қалып қойған. Өздігінен төмен түсе алмаған», - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендердің бірімен байланыс тұрақсыз болғанымен, геолокациясы анықталды.

Құтқару жұмыстарына кинологпен бірге ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы жұмылдырылды.

«Құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратының  көмегімен туристердің орнын анықтап, бағыт-бағдар беріп, қауіпсіз жерге дейін түсірді», - деп атап өтті құтқарушылар.

Құтқару операциясы сәтті аяқталып, екі жасөспірім аман-есен құтқарылды. Медициналық көмек қажет болмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары