Ресейде коронавирустың жаңа штамы анықталды

/
Ресейде коронавирустың жаңа штамы анықталды
istockphoto

Ресейде бұрыннан бар «Стратус» коронавирусының жаңа штамы пайда болды, деп хабарлайды turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Джордж Мейсон университетінің зерттеушілері келтірген мәліметке қарағанда ауру белгілері әсіресе кәмелетке толмағандар арасында өршіп тұр.

«Стратус вирусының клиникалық көріністері Омикрон жұқпасына ұқсас. Жұқтырған адам алдымен өзін әлсіз сезінеді. Кейін мұрнынан су ағып, жөтеліп, температурасы көтеріледі», - деп хабарлады телеарна.

Қазір кесел Ресейдің 13 аймағында тіркелді. Оның белгілері 114 адамнан анықталған. Әсіресе Мәскеуде жұқтырғандар көп.

Эпидемиологтардың айтуынша, вирус адамнан адамға тез жұғады. Алайда жаппай вакцинациялау әзірге жоспарланбаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары