Астанада ҚТҚ полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Байқоңыр ауданы, Алаш тас жолы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыстың жанған.
Оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті жоюға ТЖД және ЖАО күштері мен құралдары жұмылдырылды.