Шавкат Рахмоновтың келіншегі мен баласы ауруханадан шықты

/
Шавкат Рахмоновтың келіншегі мен баласы ауруханадан шықты
Ғаламтор

Шавкат Рахмоновтың кеше жол апатына түскен жұбайы мен ұлы ауруханадан шықты. Бұл туралы Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Зардап шеккендер қолхат жазған,деп хабарлайды turkystan.kz.

«Зардап шеккендер тиісті қолхат жазып, Шу қалалық ауруханасынан шығып, Алматыға жолға шықты. Медициналық мекемеге ешқандай шағымы жоқ», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, анасы мен баласының жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Оларға жабық бас-ми жарақаты және ми шайқалуы диагнозы қойылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары