Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады

/
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға үндеу жасады
istockphoto.com

 Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексіне сәйкес салықтық тексерулерге дайындық бойынша негізгі ұсыныстарды түсіндірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Мұндай дайындық салық төлеушілерге салықтық тәуекелдерді азайтуға, ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік кірістер органдарымен конструктивті өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты төмендегідей дайындық шараларын қабылдау ұсынылады:

  • Ішкі салық аудитін жүргізу. Салық есептілігі, есептеулер мен қолданылатын салықтық режимдерді үнемі тексеріп отыру — салықтық тексеру басталғанға дейін ықтимал қателіктерді дер кезінде анықтап, түзетуге көмектеседі.
  • Есеп саясаты мен құжаттаманы өзектендіру. Ұйымның бухгалтерлік және салықтық есеп саясаты қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуы тиіс. Барлық бастапқы құжаттар тиісті түрде ресімделіп, тексерушілерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін тәртіпте сақталуы қажет.
  • Салық заңнамасындағы өзгерістерді қадағалау. Салық төлеушілерге салық және бухгалтерлік заңнамадағы өзгерістерді, соның ішінде уәкілетті органдардың (МКБ, МКД және МКК) түсіндірмелерін жүйелі түрде қадағалап отыру ұсынылады. Бұл салықтық тәжірибеге қажетті түзетулерді уақтылы енгізуге мүмкіндік береді.
  • Қызметкерлердің біліктілігін арттыру. Бухгалтерлерді, заңгерлерді және қаржы мамандарын жаңа заң талаптарына және салықтық әкімшілендірудің практикалық мәселелеріне оқыту — қызмет барысында құқық бұзушылықтардың орын алу ықтималдығын төмендетуге ықпал етеді.
  • Салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау. Салық органдарынан хабарламалар немесе сұрау салулар алынған жағдайда қажетті ақпаратты белгіленген мерзімде ұсыну ұсынылады. Қажет болған жағдайда білікті салық кеңесшілерін тарту керек. Өзара іс-қимыл тек заң аясында жүргізілуі тиіс.

Назар аударыңыз. ҚР Салық кодексінің 211-бабының 5-тармағының 1 тармақшасына сәйкес, салықтық тексеру жүргізу туралы нұсқама алынған күннен бастап тексеру кезеңіне қатысты салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді — бұл талап нұсқамада көрсетілген салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің түрлері бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) қолданылады.

Қорытынды. Салықтық тексерулерге уақтылы және жүйелі түрде дайындалу — тек жауапкершілікке тартылу тәуекелін төмендетуге ғана емес, сондай-ақ бизнес пен мемлекет арасындағы тұрақты және ашық қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары