Қарағандыда сауда орталығынан өрт шықты

/
Қарағандыда сауда орталығынан өрт шықты
istockphoto

Қарағанды қаласындағы Бұқар Жырау даңғылы бойында орналасқан сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт шықты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар өрттің ғимарат ішіне таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін сауда орталығының әкімшілігі келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялап үлгерген. Нәтижесінде шамамен 250 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 нөміріне түскен жоқ, – делінген ведомство хабарламасында.

Қазір оқиға орнында арнайы өрт сөндіру штабы құрылып, суды үздіксіз беру ұйымдастырылған. Қатты түтін мен жоғары температура сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар министрлігінің 60-тан астам қызметкері мен 21 техника бірлігі жұмылдырылған.

Өрттің нақты себебі мен келтірілген залал көлемі анықталу үстінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары