Демалыс күндері елімізде жауын-шашын болады

/
Демалыс күндері елімізде жауын-шашын болады

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 26–28 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

«Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайға циклон әсер етеді. Соған байланысты күн бұлтты, кей жерлерде ашық болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі», – делінген хабарламада.

Еліміз бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Температурада айтарлықтай өзгеріс болмайды. Шығыс пен оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталып, 42 градусқа дейін көтеріледі.

Бұған дейін «Қазгидромет» 25 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары