Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмай жатыр

/
Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмай жатыр
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы облысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әскери тікұшақ 25 шілде күні күндіз радардан жоғалып кеткен, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тікұшақты іздеу жұмыстары түнгі уақытта да тоқтамай жүргізілуде. Ақпарат жаңарған сайын министрлік қосымша мәлімет беретінін мәлімдеді.

Tengrinews.kz сайты 25 шілде күні сағат 15:13 шамасында Алматы облысында әскери тікұшақты іздеу жұмыстары басталғанын хабарлаған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы жоспарлы ұшу тапсырмасын орындап жүрген. Бортта үш экипаж мүшесі болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жолданды. Алты сағат өтсе де әуе көлігі әлі табылған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары