Алматыда тау бөктеріндегі өрт сөндірілді

/
Алматыда тау бөктеріндегі өрт сөндірілді

ТЖМ күштері өртті толық сөндірді, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Өрт 8 гектар алаңда сөндірілді.

"Өртті сөндіру жұмыстары қиын таулы жер бедерімен, тік көтерілулермен және өрт ошағына апаратын жолдардың болмауымен күрделене түсті. Барлық жұмыстар жаяу жүргізілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Өрті сөндіруге жеке құрамнан 120 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ", - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары