Роботтар сайлау науқанының көрігін қыздырды

Роботтар сайлау науқанының көрігін қыздырды

Роботтар сайлау науқанының көрігін қыздырды
ашық дереккөзі
2082

Алдағы келе жатқан президент сайлауына орай Алматының Арбатында ерекше акция өтті. Халықаралық ІТ университетінің студенттері жасаған роботтар қала тұрғындарын сайлауға шақырды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Роботтарды құрастырғандар студенттер оларға "Шолпан" және "Арман" деген атау берген. Олар Арбат маңынан өтіп бара жатқандарды алдағы сайлау науқаны туралы құлақтандырды. Ал студенттер Segway-мен көше бойын аралап, сайлауға шақыру қағаздарын таратты. Роботтар алматылықтардың ерекше қызығушылығын тудырғанын айта кету керек. Олардың қасына жақын келіп, суретке түскісі келгендердің қатары көп болды. Айтпақшы, роботтар таратқан шақыру қағаздарында тұрғындардың сайлау учаскелері туралы ақпарат алуына мүмкіндік беретін QR-код жапсырылған. Бұл туралы шараның ұйымдастырушысы, "Еріктілер лигасы" қоғамдық қорының өкілі Диана Оспанова мәлімдеді. «Бүгін біз әкімдіктің қолдауымен алматылықтарды тағы бір мәрте таңғалдыруға шешім қабылдадық. Қаланың әр бөлігінде мобильдік топтар Segway-мен өтіп бара жатқандарға шақырту таратып жүр. Сонымен қатар, бұл акцияға роботтар белсенді араласты. Көріп тұрғандарыңыздай, алматылықтар таңғалысып, күлімдеп біздің "Шолпан" мен "Арманнан" шақыртуларды алып жатыр. Айтпақшы, таратылып жатқан шақыртуларда арнайы QR-код бар. Смартфоны бар кез келген адам еш қиналмастан ЖСН арқылы өзінің саулау учаскесі туралы толық мағлұмат беретін сайтқа кіре алады», – деді Д. Оспанова.

Серіктес жаңалықтары