Қостанайда полицей жол апатын жасап, ағайынды екі жігіт қаза тапты

/
Қостанайда полицей жол апатын жасап, ағайынды екі жігіт қаза тапты
istockphoto.com

Қостанай қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының аға инспекторы тізгіндеген Toyota Camry автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Қостанай облыстық полиция департаменті полицейдің 10 шілдеден бастап ауырып жатқанын, ауырып жатып өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазғанын мәлімдеді. Сол уақытта ол Ақмола облысына жолға шығып, сонда жол апатына ұшыраған.

«11 шілдеде оның жұмыстан шығарылуы туралы бұйрық шықты, бірақ қызметкер толық рәсімдерден өтпеген: формасын, табельдік қаруын, қызметтік куәлігін тапсырмаған. Жол апаты болған сәтте ол полиция қызметкерлері қатарында еместігін білмеген», – деді ведомство.

Айта кетейік, жол апатында екі ағайынды – Алдияр мен Рустам Тәжібаевтар қаза тапқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті екі айға қамауға алынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары