Қазақстанның халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Мексика астанасы Мехикода жеке концерт береді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Азаттық рухына сілтеме жасап.
«Stranger» деп аталатын шоу 2025 жылғы 8 қазанда өтеді.
DimashNews порталының хабарлауынша, концерт Мексиканың ең ірі әрі беделді концерт алаңдарының бірі – Auditorio Nacional сахнасында ұйымдастырылмақ.
«Auditorio Nacional – Мексиканың ең танымал концерт залдарының бірі. Осы жерде Димаштың жанкүйерлері Қазақстаннан келген талантты әншінің өнерін тамашалай алады», – делінген хабарламада.