Ерке Есмахан үшінші ұлын қырқынан шығарды

/
Ерке Есмахан үшінші ұлын қырқынан шығарды
Әлеуметтік желі

Жақында үшінші рет ана атанған 40 жастағы Ерке Есмахан ұлын қырқынан шығарды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Ол қырқынан шығару рәсіміне көк, ақ және алтын-қоңыр түстердегі ұлттық нақыштағы жастықтар мен көрпелер, сондай-ақ нәрестенің аты қашалып жазылған күміс ыдыстар дайындаған.

«Батыр баламызды екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке салды. Әулеттің үлкендерінің берген батасы қабыл болсын! Батырым атына заты сай, иманжүзді жігіт болып өссін! Өзім қандай әппақпын, жүрегім де дәл сондай. Сондықтан ақ тілегімді қабыл алыңыздар. Сәби күткен отбасыларға Алла егіз нәсіп етсін. Шаңырақтарыңызда тек бақыт, шаттық, қуаныш болсын. Бар болыңыздар, бай болыңыздар», – деп жазды Ерке.

Желі қолданушылары «Құттықтаймыз! Сіздерге қуаныш сыйласын!», «Батыр нағыз батыр жігіт болсын!», «Сәбиіңіздің өмірі ұзақ болсын!», - деп құттықтап жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары