Жамбыл облысында 373 млн теңге жымқырылған

/
Жамбыл облысында 373 млн теңге жымқырылған
istockphoto.com

Меркі аудандық соты ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыру ісі бойынша жеті адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.

Сот анықтауынша, ЖШС басшылары С. мен М. ресми құжаттарды қолдан жасап, жалған мәліметтер арқылы мемлекеттен 373 млн теңге көлемінде қаржы алған.

Сотта дәлелденгендей, олар алма көшеттерін сатып алу туралы жалған шарттар жасасып, қызметкерлерінің көмегімен құжаттардағы көшет санын әдейі көбейткен. Қызметкерлер Р., Щ., К., С. және Т. бұл схемаға қатысып, қылмыстық әрекетке жәрдемдескен.

Прокуратура С. мен М.-ны 9 жылға соттауды сұраса, қалған бес қызметкерді мойындап, өкініш білдіргені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатуды ұсынды. Алайда сот оларды кінәлі деп танып, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сот шешімі бойынша:

  • С. – 7 жылға бас бостандығынан айырылды, мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды;
  • М. – 6 жылға сотталды, 10 жылға дейін қаржы және мемлекеттік секторда қызмет ету құқығынан айырылды;
  • Р., Щ., С., Т. – әрқайсысы 5 жылға бас бостандығы шектелді;
  • К. – 3 жылға бас бостандығы шектелді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары