«15-20 адам»: Астанада жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды

/
«15-20 адам»: Астанада жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
видеодан скриншот

Полиция Астанада түнде болған жанжалға қатысушыларды ұстады, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан куәгер түсірген видео жарияланды. Кадрлардан түнде полицейлердің қаланың ойын-сауық орындарының бірінің жанында ер адамдарды ұстап жатқанын көруге болады.

Бейнероликтің сипаттамасында: «Бүгін түнде 15-20 мас адамның арасында үлкен жанжал болды, жарақат алғандар да бар»-делінген.

Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға қатысқандардың барлығы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында куәгерлерден жауап алынып, оқиға орнындағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенуде. Тексеру нәтижесінде қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады», – деді полиция.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары