Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 2,37 теңгеге өсіп, 531,96 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
22 шілдеге арналған ҚР Ұлттық банкінің ресми доллар бағамы — 529,44 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 528,38 теңге, сату бағамы — 534,47 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 530,39 теңгеден сатып алынып, 537,39 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, 14 шілдедегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,93 теңгеге, 15 шілдеде 1,5 теңгеге, 16 шілдеде 0,63 теңгеге, 17 шілдеде 6,05 теңгеге, 18 шілдеде 0,54 теңгеге көтерілді, ал 21 шілдеде 3,89 теңгеге төмендеді.