Астанада бірнеше жол учаскесі уақытша жабылады

/
Астанада бірнеше жол учаскесі уақытша жабылады
Depositphotos

Астанада Сығанақ көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты бірқатар учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.

Бұл туралы қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.

25 шілдеге дейін келесі учаскелерде қозғалыс толығымен жабылады:

Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосына дейін;

Қазақ радиосынан Сауран көшесіне дейін.

Қала тұрғындары мен қонақтарына жол кептелістерін болдырмас үшін бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары