Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
istockphoto

"Қазгидромет" РМК ертең, 22 шілде күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің көптеген аймағында қатты ыстық, шаңды дауыл, найзағай мен қатты жел күтілуде. Сондай-ақ төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетіп, ауа температурасы +41°С-қа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында найзағай болжанып отыр. Кейбір аудандарда желдің жылдамдығы 20 м/с-ке жетеді. Күндізгі температура +36°С-ты құрайды. Өрт қаупі барлық бағытта өте жоғары деңгейде.

Жетісу облысында ауа температурасы +42°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді. Бұл өңірде де төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жел екпінді болады. Кей жерлерде 23 м/с жылдамдықпен соғады. Өрт қаупі жоғары. Өскемен мен Семей қалаларында жел күшейеді.

Маңғыстау облысында тұман мен шаңды дауыл күтіледі. Ақтауда өрт қаупі жоғары болып қала береді.

Түркістан облысында күндіз +41°С-қа дейін ыстық болады. Шаңды дауыл мен қатты жел күтіледі. Шымкент пен Түркістанда өрт қаупі төтенше деңгейде.

Жамбыл облысында желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында найзағай мен ыстық ауа райы қатар жүреді. Күндіз +35…+38°С аралығында болады. Бұл өңірлерде де өрт қаупі жоғары.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай, тұман және қатты жел болжанып отыр. Кей аудандарда температура +35°С-қа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі бұл өңірде де айтарлықтай.

Мамандар тұрғындарға далада ұзақ уақыт болмауға, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және ауа райы болжамдарын мұқият қадағалап отыруға кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары