Астанада такси жолаушысы жүргізушіні белдікпен буындырған (ВИДЕО)

/
Астанада такси жолаушысы жүргізушіні белдікпен буындырған (ВИДЕО)
Ашық дереккөзден

Астанада такси жолаушысы жүргізушіні қауіпсіздік белдігімен буындырып өлтіруге тырысқан, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл сәт автокөліктің алдынадағы бейнетіркеуге жазылып қалған.

Такси жүргізушісінің айтуынша, жолаушы оны балағаттап, қорқытқан. Кейін ол жүргізушінің артына отырып, қауіпсіздік белдігімен тұншықтыра бастаған.

Өзін құтқару үшін такси жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, басқа көлікке белгі беріп, сигнал берген. Сол сәтте Cobalt көлігінің жүргізушісі тоқтап, мүмкін, оның өмірін сақтап қалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары