Шерзат Полат сотында жәбірленушілердің құқығын қорғаған Мейірман Шекеев өз командасында болған адвокат Бағдат Амандосұлымен татуласты, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті.
«Таумен тау жолықпас, адаммен адам жолығады.
Араға уақыт, қашықтық, реніш түссе де — шынайы адамдар қайта табысады», – деді ол.
Айта кетейік, Талдықорғандағы сот отырысы кезінде Бағдат Амандосұлы әріптесі Мейірман Шекеевпен сөзге келіспей, ақырында істен шеттетілгенін мәлімдеген болатын.