Елена Рыбакина әлемдік рейтингте көтерілді

/
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте көтерілді
Фото: instagram.com/lenarybakina/

Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина әйелдер арасындағы WTA әлемдік рейтингінде 13-орыннан 12-орынға көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның еншісінде 2806 ұпай бар. Бұл чехиялық теннисші Каролина Мухованың позициясынан айырылуына байланысты орын алды.

2025 жылғы 21 шілдедегі әлемдік рейтинг:

Арина Соболенко (Беларусь);

Кори Гауфф (АҚШ);

Ига Швёнтек (Польша);

Джессика Пегула (АҚШ);

Мирра Андреева (Ресей);

Чжэн Циньвэнь (Қытай);

Аманда Анисимова (АҚШ);

Мэдисон Киз (АҚШ);

Жасмин Паолини (Италия);

Паула Бадоса (Испания).

Бұған дейін Елена Рыбакина Уимблдон-2025 турниріндегі өнерін аяқтаған болатын — ол күтпеген жерден үшінші айналымда даниялық Клара Таусоннан ұтылып қалды. Матч екі сетте аяқталды — 6:7, 3:6.

Оған дейін Рыбакина армениялық Элина Аванесянды (49-орын) 6:2, 6:1 есебімен және грек теннисшісі Мария Саккариді (77-орын) 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңген еді.

Бүгін, 21 шілде күні, Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы Вашингтон турнирінде өз өнерін бастайды — ол британиялық Эмма Радуканумен жұптық сында қатысады. Ал жекелей сында Рыбакина үшінші нөмірлі теннисші ретінде екінші айналымнан жарыс жолын бастайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары