Оралда қала тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды

/
Оралда қала тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды
Фото: policebqo

Оралда қала тұрғындарын жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде құрықтаған.

- Алаяқ Орал қаласы аумағында азаматтардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденіп кеткен. Күні бүгін оның әрекетінен жапа шеккен 13 тұрғын анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 6,5 млн теңге. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. БҚО полиция департаменті азаматтарға сақ болып, құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеу керектігін еске салады, - деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары