Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

/
Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
istockphoto

"Қазгидромет" РМК ертең, 20 шілдеде еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның 17 облысында аптап ыстық, найзағай, шаңды дауыл мен өрт қаупі бар.

Мәселен, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Ақтөбе, Жетісу, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары және Қонаев қаласында күндізгі температура 36-42°C аралығында болады деп болжануда. Бұл өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Алматы облысының таулы аудандарында найзағай мен екпінді жел (20 м/с) күтіледі.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында найзағаймен қатар бұршақ жаууы мүмкін. Бұл өңірлерде де жел екпіні 28 м/с-қа дейін күшейеді. Семей мен Өскеменде түнде найзағай жарқылдап, күндіз дауыл соғуы ықтимал.

Қарағанды, Ұлытау, Павлодар және Ақмола облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталуда. Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының кей аудандарында түнде және таңертең тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін.

Жамбыл мен Жетісу облыстарының таулы аймақтарында да найзағай, екпінді жел күтіліп отыр. Тараз, Талдықорған қалаларында күндізгі температура 35–36 градусқа жетпек.

Синоптиктер ел азаматтарына алдағы күндері аса сақ болуды, ұзақ уақыт ашық күн астында жүрмеуді және өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары