Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогында екі медаль жеңіп алды

/
Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогында екі медаль жеңіп алды
Фото: olimpic.kz

Қазақстандықтар триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында екі жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК. 

Отандастарымыз жарыстың бірінші күнінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішін тіркеп, чемпион атанды. Тағы бір жерлесіміз Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтониге (Түркия) бұйырды - 00:58:56.

Айта кетейік, 19-20 шілде аралығында Малайзияның Кампар қаласында триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы өтіп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары