Қазақстанда сұйытылған газдың бағасы 1 тамыздан бастап көтерілуі мүмкін.
Көтерме бағасы тоннасына 8 мың теңгеге – 59 722 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін. Бөлшек сауда бағасы 7-10 теңгеге артады деп болжануда.
Қазақстан Энергетика министрлігінің айтуынша, елде сұйытылған газ өндірісі тиімсіз болып қалады, оның өзіндік құны – тоннасына 70-80 мың теңге, ал өндіруші зауыттар үшін көтерме баға тоннасына 51 932 теңге деңгейінде белгіленген. Бұл ретте газды тұтыну өсуде, 2025 жылы газ тапшылығы 30-40%-ті құрауы мүмкін.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 23 шілдеге дейін талқыланады.