Астанада қайғылы жағдай болды (ВИДЕО)

/
Астанада қайғылы жағдай болды (ВИДЕО)
istockphoto

Астана қаласы Тұрар Рысқұлов көшесі 18/5 үй мекенжайында орналасқан «Абырой» тұрғын үй кешені аумағында қатты жел салдарынан кран аударылып қалды.

Оқыс оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Желідегі ақпаратқа сәйкес 18 шілде сағат 20:07 шамасында желдің кенеттен қатты соғуы салдарынан құрылыс алаңында мұнаралық кран аударылып, бір жұмысшы тіл тартпай кеткен.

Осы оқиғаға қатысты BI Group құрылыс компаниясы түсініктеме беріп, кран техникалық жағынан дұрыс күйде болғанын мәлімдеді.

— Кран техникалық жағынан дұрыс күйде болды және барлық техника сияқты жұмыс басталғанға дейін міндетті тексеруден өтті. Оқиға болған кезде кран операторы жұмысты аяқтап, жұмыс күні аяқталуға жақын болды. Өкінішке қарай, кранның құлауы салдарынан бір адам қаза болды. Төтенше жағдай қызметтерінің дауыл туралы ескертуі оқиға болғаннан кейін ғана келді. Біз қаза болған адамның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, — делінген компания таратқан хабарламада.

Бұдан бөлек BI Group құрылыс компаниясы қаза болған адамның отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

— Қазіргі таңда оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері мен тиісті мамандар жұмыс істеп жатыр. Біз қаза болған адамның отбасына жан-жақты көмек көрсетіп, тергеу нәтижелері бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Қаза болған адам мердігер ұйымның қызметкері болған, — деп атап өтті құрылыс компаниясынан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары