Оқиға 17 шілде күні Абай мен Чернышевский көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қарағанды облысының ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасына трамвай мен Chevrolet маркалы жеңіл автокөлік қатысқан.
Жол апатында ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаға қатысушылар тек қорқып қалған, ал көлік құралдарына жеңіл зақым келген. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция тағы да автокөлік жүргізушілерін сақ болуға шақырады және рельсті көліктің артықшылығын елемеу әлдеқайда ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады.