Күні кеше Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бір пеште 177 тоннадан астам жоғары көміртекті феррохром өндіріліп, әлемдік рекорд орнатылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл жетістік WORLD BOOK OF RECORDS тізіміне енгізіліп, халықаралық деңгейде мойындалды.
Сондай-ақ облыс әкімі Асхат Шахаров Металургтердіңкәсіби мерекесі қарсаңында «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьевті – «Құрмет» орденімен, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС экскаватор машинисі Марат Сақтаев және «АРАЗ» (АРБЗ) ЖШС кезекші автокөлік жүргізушісі Серік Сүлейменовті – «Ерен еңбегі үшін» медалі мемлекеттік наградаларымен марапаттады.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында металлургия саласында 8 ірі өндіріс орны жұмыс істейді. Олардың қатарында «Қазхром» трансұлттық компаниясы, «Восход Ориел», «Ақтөбе мыс компаниясы» және «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» бар.
Аталған кәсіпорындарда 18 мыңнан астам адам еңбек етеді.