Астанада «Шанхай» базары өртеніп жатыр

/
Астанада «Шанхай» базары өртеніп жатыр
112

Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан Алаш тас жолының бойындағы “Шанхай” базары өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Сондай-ақ, ТЖМ-ның командалық орталығында іс-қимылды үйлестіру штабы орналастырылды. Өрт сөндірушілер өрттің жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеуде.

Алғашқы бөлімшелер келген сәтте өрт кең ауқымда өршіп кеткен және арақабаттың бір бөлігі құлағаны байқалды.

"Периметр бойынша өрт сөндіру үшін су бүріккіштер, соның ішінде биік техникалар қолданылуда. Өрт туралы кеш хабарлануына байланысты жалын бүкіл ғимарат аумағына жайылып кетті. Үлкен жанғыш жүктеменің болуы өрт сөндіруді қиындатып отыр. ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың 165 жеке құрамы және 62 техника бірлігі жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың арқасында өрт 07:10-да оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Құтқарушылардың жедел әрекеті нәтижесінде оттың жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

"Айта кету керек, әкімшілік тарапынан өрт туралы хабар берілмеген. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқаған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері анықтаған", – деді ТЖМ өкілдері.

 

 

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары