Астанады үш қабатты ғимарат өртенді

/
Астанады үш қабатты ғимарат өртенді
istockphoto

Астана қаласындағы Байқоңыр ауданында орналасқан үш қабатты ғимараттың бірінен өрт шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға елордалық өрт сөндірушілер жұмылдырылды, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Алаш тас жолының бойында тіркелген. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, ғимарат үзіліссіз сумен қамтамасыз етілуде.

Оқиғаның нақты себептері мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге анықталуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары