Бурабайға барған демалушылар күтпеген жағдайға тап болды

/
Бурабайға барған демалушылар күтпеген жағдайға тап болды
ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары Бурабайда катамаранда төңкерілген демалушыларға көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін Ақмола облысы Бурабай ауданында Бурабай көлінде патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары жағалаудан 300 метр қашықтықта екі адам отырған аударылып кеткен катамаранды байқады.

Құтқарушылар көмекке асығып адамдарды жағаға жеткізді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары