18 шілдеге арналған ауа райы болжамы

/
18 шілдеге арналған ауа райы болжамы
istockphoto

18 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді. 

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында күндізгі температура +40…+43°C-қа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Тараз қалаларында да қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ұлытау облыстарында найзағай, бұршақ, шаңды дауыл және қатты жаңбыр болжанып отыр. Кей өңірлерде жел екпіні 15–23 м/с-қа жетуі мүмкін.

Атырау, Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа райының күрт құбылуы өрт қаупін арттырады – бірнеше өңірде өрт қаупі жоғары немесе төтенше деңгейде сақталып отыр.

Қызылорда мен Қарағанды облыстарында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Ал Павлодар, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында да қатты ыстық пен желдің күшеюі күтіледі.

Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына дайын болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары