«Дубайдан үй алды»: Желіде көпшілік Ырысбала Икрамбайды тексеруді талап етті

/
«Дубайдан үй алды»: Желіде көпшілік Ырысбала Икрамбайды тексеруді талап етті
instagram

Қайырымдылықпен айналысқан блогер Ырысбала Икрамбайға қатысты дау шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде көпшілік танымалдылығы артқан блогердің тез байып кеткенін жазып, оның қаржы есебін тексеруді талап етіп жатыр.

«Ырысбаланы да тексеру керек. Үй салып жатыр,  Дубайдан пәтер алды»,«Оп-оңай байып кету мүмкін емес», «Тексеру керек. Отбасындағы барлық адамға үй, көлік алып берді», «Қайрымдылық жасаған блогердің бәрі шіріген бай болып шыға келеді», «Қара жұмыс істеп алды ма екен?! Ал күйеуі Роллс ройсты, 2 коттеджды бір айлықпен салды ма екен?!», – деп жазды оқырмандары.

Ырысбала Икрамбай өз кезегінде оқырмандарының пікіріне жауап берді.

«Айналайындар, жәрдемақының өзін отбасындағы табысқа қарап берейін деп жатқан үкімет сендерге ақымақ емес қой. Егер 50 миллионнан астам қаржыға мүлік алсаң, банктегі есепшотың бұғатталады. Сосын кіріс көзіңді дәлелдеуге тура келеді. Декларация, салық, бәрі тексеріледі. Сендерсіз де бәрі бақылауда», – деді Ырысбала өз парақшасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары