Есірткі таратқан Петропавл тұрғыны 7 жылға сотталды

/
Есірткі таратқан Петропавл тұрғыны 7 жылға сотталды
istockphoto

СҚО-да саяжайда ұсталған есірткі таратушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың басында облыстық прокуратураның үйлестіруімен полицейлер Петропавл қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстаған болатын.

Ол "Труд" бау-бақша серіктестігінде синтетикалық есірткіні жасырып кету тәсілімен таратқан.

"Күдікті көрсеткен жерден жедел уәкілдер 7,7 грамнан астам мефедрон салынған 8 түйіншекті тауып, тәркіледі. Тағы 16 грамнан астам есірткі күдіктінің өзінен және автокөлігінен табылды", - делінген хабарламада.

Ер адам тағылған айыптың бір бөлігінен жалтаруға тырысқан. Ол соңғы сәтте ойын өзгертіп, есірткіні жеке тұтыну үшін жасырған орыннан қайта жинамақ болғанын мәлімдеген.

Алайда тергеу материалдары бұл уәжді жоққа шығарды. Сот-медициналық сараптама оның өзге есірткі заттарын пайдаланатынын анықтады.

Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары