Астанада үйдің ауласында самокат мінген баланы көлік қағып кетті

/
Астанада үйдің ауласында самокат мінген баланы көлік қағып кетті
Видеодан скрин

Астанада "Виктория" тұрғын үй кешенінің ауласында кәмелетке толмаған балаға көлік соғу фактісі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әйел адам самокатпен жолды кесіп өткен баланы қағып кеткені көрсетілген.

"Абырой болғанда, ауыр жарақат алған жоқ, балаға гипс салынды. Бұл – баршамызға ескерту: аулалар – жоғары жылдамдық үшін арналмаған", – делінген хабарламада.

Астана қалалық Полиция департаменті көлік соғу фактісі бойынша түсініктеме берді.

"2025 жылдың 14 шілдесінде Hyundai көлігінің жүргізушісі Момышұлы көшесі маңындағы аула аумағында келе жатып, жол бөлігін оңнан солға қарай кесіп өтпек болған кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан балаға медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді. Аталған жайт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары