Абай облысында 194 мектеп қызметкерінің жеке мәліметтері тарап кеткен

/
Абай облысында 194 мектеп қызметкерінің жеке мәліметтері тарап кеткен
istockphoto.com

Бородулиха ауданының прокуратурасы үш орта мектептің 194 қызметкерінің жеке мәліметтері тарап кеткенін анықтады. Бұл заңбұзушылық мемлекеттік сатып алулар порталына мониторинг жүргізу барысында белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Прокуратураның ақпаратынша, білім беру мекемелері мемлекеттік сатып алу бойынша медициналық тексеруден өту үшін қызметкерлердің тізімдерін жариялаған, онда барлық қызметкерлердің жеке мәліметтері, оның ішінде толық анкеталық мәліметтер, ЖСН және басқа да ақпараттар көрсетілген.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай мәліметтер міндетті түрде қорғалуға тиіс. Шектеулі қолжетімді ақпаратқа қол жеткізген тұлғалар оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті және мәліметтер иесінің келісімінсіз немесе заңды негіз жоқ жағдайда жеке ақпаратты таратуға құқылы емес.

Мектеп басшылығының бұл талаптарды сақтамауы жеке мәліметтердің заңсыз мақсатта пайдаланылу қаупін туғызды.

Тексеру қорытындысы бойынша аудан прокуратурасы мектеп директорларын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 79-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 1 миллион теңгеден астам айыппұл салды, сондай-ақ олар тәртіптік жазаға тартылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аудандық білім бөлімі болашақта ұқсас бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаралар қабылдаған.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары