Жер сілкінісін «Ұлттық ғылыми-зерттеу сейсмологиялық орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 16 шілде күні Астана уақытымен 06:27-де тіркеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан 379 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,1 баллды құрады.
Қырғызстандағы елді мекендерде жер сілкінісінің күші келесідей болды:
Қалба, Атай Огонбаев, Қара-Суу, Көк-Қашат ауылдарында — 3,5 балл,
Қозучак, Жон-Арык, Қызыл-Туу, Ақ-Жар, Ақ-Сай, Чат-Базар, Сасык-Бұлақ ауылдарында және Талас қаласында — 3 балл.
Еске салсақ, бұған дейін 8 шілдеде Жамбыл облысында жер сілкінісі болғаны хабарланған еді. Жер сілкінісінің эпицентрі Тараз қаласынан 126 шақырым шығыста орналасқан.