Ақмола облысында білім бөлімі қызметкерлеріне 178 млн теңге жалақы төлемеген

/
Ақмола облысында білім бөлімі қызметкерлеріне 178 млн теңге жалақы төлемеген
istockphoto.com

Ақмола облысының прокуратурасы шара қабылдағаннан кейін жұмыскерлерге 178 млн теңге көлемінде жалақы төленді, деп хабарлайды turkystan.kz.  

Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімінің 4472 қызметкеріне 178 млн теңге көлемінде жалақы берешегін анықтады.

Қадағалау актісіне сәйкес аталған қарыз толық өтелді, осылайша жұмыскерлердің 4472 конституциялық құқығы қорғалады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты түрде талдау жүргізеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары