Тоқсандағы қарияны тонаған жалған полицей мен күдікті қамауға алынды

/
Тоқсандағы қарияны тонаған жалған полицей мен күдікті қамауға алынды
istockphoto

Атырауда 90 жастағы зейнеткер алаяқтарға 6 миллион теңге берді, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 29 мамырда Атырауда болған. 90 жастағы зейнеткерге белгісіз біреу телефон соғып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, қызы жол апатына себепкер болғанын айтқан. «Мәселені шешеміз» деген желеумен ер адам шабарман жіберемін деп, ірі көлемде ақша талап еткен.

Зейнеткер курьерге 6 миллион теңгесін санап берген. Қария он күннен кейін ғана полицияға хабарласқан.

Тергеу барысында 30 жастағы курьер ұсталды. Кейін полицейлер басты күдіктінің – Қызылқоға ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Сот оны 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары