Алматыдағы маңызды көшеде көлік қозғалысы 1,5 айға шектеледі

/
Алматыдағы маңызды көшеде көлік қозғалысы 1,5 айға шектеледі
istockphoto.com

Алматының Алмалы ауданында алдағы жылу маусымына дайындық аясында 1978 жылы пайдалануға берілген 172 метрге жуық жылу магистралі ауыстырылады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, осыған байланысты 2025 жылдың 16 шілдесі мен 1 тамызы аралығында Алматы қаласының Алмалы ауданында Клочков көшесінің бойымен Қарасай батыр көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейінгі аумақта автокөліктер үшін қозғалыс жабылады. Екі бағытта да көлік қозғалысы шектелмек.

Шектеу аталған көше учаскесінің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін құбыр учаскесінде жоспарланған жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілмек. Жаңарту жұмыстары жүргізілетін кезеңде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету сақталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары